
Қостанай облысы аумағындағы ірі су қоймаларының жағдайы тұрақты.
Қостанай облысы үшін Тобыл-Торғай бассейніндегі ең ірі екі су қоймасының маңызы зор. Қазіргі таңда, су қоймаларына көктемгі су тасқыны кезіндегі су ағынының келуі аяқталды. Осыған байланысты, елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Жауапты мамандар бассейндегі ірі су қоймаларының жұмысына күнделікті талдау-сараптау жұмыстарын жүргізуде.
Жоғарғы-Тобыл су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 816,6 миллион текше метрді құрайды, бүгінгі күні нақты көлемі -586,130 миллион текше метр су жиналды.
Қаратомар су қоймасының жобалық сыйымдылығы – 586,0 миллион текше метрді құрайды, бүгінгі күні нақты көлемі -378,7 миллион текше метр су жиналды.
Қазіргі таңда ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 68,2 %-ға жетті.