ЭГТРМ вице-министрі Серікәли Мұқатаев Ташкенттегі АТББ-4 іс-шарасына қатысты

ЭГТРМ вице-министрі Серікәли Мұқатаев Ташкенттегі АТББ-4 іс-шарасына қатысты

2022 жылғы 20 қыркүйекте Ташкент қаласында ХАҚҚ Атқарушы комитетінің төрағасы Султон Рахимзоданың төрағалығымен «Арал теңізі бассейндері елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын» (АТББ-4) одан әрі іске асыру мәселесі бойынша халықаралық даму серіктестерімен кезекті 3-ші үйлестіру кездесуі өтті.

Кездесуге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның су шаруашылығы, энергетика және сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. Даму бойынша халықаралық серіктестерден Дүниежүзілік банк, Юсайд, Джи-Ай-Зед, КАРЭК, Швейцария ынтымақтастық жөніндегі агенттігі және т.б. өкілдері қатысты.

Талқылау барысында донорлар жоғарыда аталған халықаралық даму серіктестерінің қолдауымен елдер өңірде бастаған жобаларды, атап айтқанда, АТББ-4-те көрсетілген 4 бағыт бойынша жобаларды айтты: су ресурстарын кешенді пайдалану, экология, әлеуметтік-экономикалық бағыт және институционалдық-құқықтық база.

Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан тарапы аса қызығушылық танытатын жобаларды, атап айтқанда Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын бөлу, есепке алу және мониторингтеу жөніндегі технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу жөніндегі жобаны іске асыруды атап өтті. Жоба Сырдария өзенінің су ресурстарын ашық және әділ бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, экологиялық бағытта халықаралық міндеттемелерді ескеріп, өзендер мен су қоймаларындағы судың сапасын жақсарту жөніндегі жобаны, ал әлеуметтік-экономикалық бағытта нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қоса алғанда, бөгеттер мен гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жобаны іске асыру қажеттілігін айтты.

Жалпы, даму бойынша серіктестер өздерінің мандаттарына сәйкес жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша қолдау көрсетуді қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Бірлескен мәлімдемелер бойынша ОА елдерінің міндеттемелерін қабылдау, атап айтқанда ЦУР6-ға қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, а.ж. 21-22 қыркүйекте Ташкент қаласында ХАҚҚ-тың институционалдық-құқықтық және ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының 8-ші отырысы өтті. Отырыс барысында тараптар Орталық Азия елдерінен ұсынылған ХАҚҚ құрылымдарының жобаларын талқылады, сондай-ақ Қорды қаржыландыру мәселесін талқылауға кірісті. Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қор құрылымын талқылауды жалғастыруға келісті.