
Джованни Капанелли-Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры. Бүгін біз Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 171 мың гектар жер телімдерін қайта қалпына келтіру үшін ирригациялық арналарды салу бойынша бірлескен жобаны талқыладық. ⠀
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Суару үшін қосымша сумен жабдықтауды қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы секторының әлеуетін елдің өсуі мен дамуына одан әрі үлес қосу үшін іске асыруға көмектеседі.
Жоба аясында 245-ке жуық ирригациялық арна қалпына келтіріліп , жақсартылатын болады, бұл тұщылауды, қайта бөлуді және желілік арналардың зақымдалған учаскелерін жөндеуді қамтиды. Жаңа бетондалған арналардың жалпы ұзындығы шамамен 1064 км құрайды, сонымен қатар тағы да 1976 км топырақ арналары жақсартылатын болады. Басқа инфрақұрылымдық жұмыстар су өлшегіш құрылғыларды қоса алғанда, шамамен 4185 гидротехникалық құрылыстарды салу мен қайта жаңартуды, 358 км дренаждық коллекторларды абаттандыруды, Жамбыл облысында алаңы 9300 га тамшылатып суару жүйесін құруды және жобаның барлық салаларында диспетчерлік бақылау мен деректерді жинаудың 24 жүйесін орнатуды қамтиды.
Алда-біздің республика Үкіметінің келісу және мақұлдау рәсімдері.
⠀⠀⠀
Өнімді кездесу