Арман Тұрлыбек Батыс Қазақстан облысына жұмыс барысымен барды

Арман Тұрлыбек Батыс Қазақстан облысына жұмыс барысымен барды

Арман Тұрлыбек Батыс Қазақстан облысына жұмыс барысымен барып, барлық су шаруашылығы нысандарын қарап шығып, сумен қамтамасыз ететін су құбырларының түйткілді мәселелерін шешетін жоспар құрды

Аумақтың ең бір түйткілді мәселесінің бірі ол Ресей федерациясының Волга өзенінен берілетін суға тәуелді болып отырғандығы. Қазталап ауданындағы Жалпақтал ауылының жоғарғы жағынан Үлкен Үзен өзенінде суқоймасын міндетті түрде салу арқылы, көлемі 28 млн. м3 болатын өзеннің су тасқынына әкеліп соғатын ағынын реттеуге болады. Суқоймасы салынатын құрылыс орнын қарап шықты және оның жобасын дайындауды тапсырды.
⠀⠀⠀
Камен, Орда және Жанғалы су құбырларының жұмысын тексерді. Тез арада апаттық бөлімдерді реконструкциялау қажет. Олардың жөндеу жұмыстарына қажетті құжаттарды дайындау басталып кетті.