
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Қызылорда облысының гидротехникалық құрылыстарына жұмыс сапарымен барып, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовпен бірге облыстағы маңызды су шаруашылығы "Айтек" және "Қызылорда" су тораптарының нысандарын қарап шықты. 2019 жылғы 23 қыркүйектегі тексеру актісіне сәйкес, "Айтек" су торабының төменгі бьефінде ұзындығы 16,6 метр болатын, шпунтты қабырғада жарықтар пайда болғандығы анықталды. Одан әрі шаюдың алдын алу үшін су торабының төменгі бьефін бут таспен жөндеу және нығайту қажет.
⠀⠀⠀
Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған Қызылорда су торабы да күрделі жөндеуді қажет етеді. Су торабында автокөліктің қозғалысына тыйым салынған. Осы құрылыстарды қарап шығып, сол жерде оларды реконструкциялау мәселелері бойынша көшпелі штаб өткізілді.
Жұмыс сапары барысында министр Қызылорда су торабының базасында орналасқан Су мұражайына да барды. Су мұражайының құрылу тарихы бірегей, осы мұражайдың барлық материалдарын жинаған- инженер-гидротехник Мәділхан Нәлібаев, осы салада өмір бойы жұмыс істеген еңбек сіңірген гидротехник. Қазір су мұражайында тарихи құнды құжаттар мен фотосуреттер сақталуда, олардың көпшілігі тек жалғыз данада сақталған.