Су-стратегиялық нысан және Су ресурстар комитеті су қорын пайдалану және қорғау саласындағы жұмыстарды атқарады.
Бүгін біз сіздерді БІЗДІҢ комитет басқаратын сауалдармен таныстырсақ деп отырмыз.
⠀⠀⠀
БІЗ:
⠀⠀⠀
1. өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырамыз.
2. су нысандарының бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық рұқсатнамалардың көлемін белгілейміз;
3. су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырамыз (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа);
4. су нысандарын бірлесіп пайдалану үшін келісім береміз.
5. экономика салаларында суды тұтынудың үлестік нормаларын келісеміз;
6. су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындау барысындамыз және іске асырудамыз;
7. мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құру барысындамыз;
8. трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырамыз;
9. су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттаманы келісеміз;
10. ұйымдардың бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығын аттестациядан өткіземіз.