Келер жылы Алматы облысында қайта жаңғыртудан өткен Қызылағаш су қоймасы пайдалануға беріледі

Келер жылы Алматы облысында қайта жаңғыртудан өткен Қызылағаш су қоймасы пайдалануға беріледі
Келер жылы Алматы облысында қайта жаңғыртудан өткен Қызылағаш су қоймасы пайдалануға беріледі. Қазір су қоймаға автоматтандыру жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Қазсушар» РМК ресми парақшасында өткен тікелей эфирде кәсіпорынның Алматы филиалы директоры Саят Құдайбергенов айтты.
Қызылағаш су қоймасының қайта жаңғырту жұмыстары 2017 жылы басталған. Бүгінде құрылысы толық аяқталды. Алайда филиал директорының сөзінше жасақталған жобаға сәйкес су қойманы суға толтыру арқылы сынақтан өткізу қажет. Қазір онда 5 млн.м3 су бар. Келер жылы 40 млн. мз суға толтыру көзделіп отыр. Сынақтан соң, пайдалануға беріледі дейді филиал директоры.
«Осы сынақ процестерін толығымен жүргізген жағдайда нысанды пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бүгінгі күні су қоймаға автоматтандыру жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Су қойманың сиымдылығы 42 млн.м3 жалпы 6,7 мың гектарға су беру мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні су қойманың астында 1,4 мың гектар суармалы алқаптары бар, ал Облыс әкімшілінің тапсырмасымен қалған 5,3 мың гектарға жаңа суару жерлеріне «Қызылағаш массивінің құрылысы» атты жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Су қойманы 2022 жылы мемлекеттік комиссиялық актімен пайдалануға беріледі.»-, дейді «Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры Саят Құдайбергенов.
Бұдан бөлек тікелей эфирде 2030 жылға дейін қолда бар су ресурстарын ұлғайту жөніндегі жоспарға сәйкес, Алматы облысында салынатын бес су қоймасы жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында айтқан тоғыз су қоймасының біреуі осы Алматы облысында салынады. Ел Президенті атап өткен Покатилов су қоймасының жобалық сиымдылығы 80,0 млн. м3 құрайды. Қазір техникалық экономикалық негіздеме мен жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Қалған су қоймаларды Ескелді, Ұйғыр және Ақсу аудандарында салу жоспарлануда.