Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, экологтардың кәсіби мейрамы! Айтулы күнді атап өту шеңберінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Бірге – Таза Қазақстан" акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараға барлық облысты қоса есептегенде 120 мыңнан астам адам қатысады. Осыған орай республика бойынша 492 локация белгіленді.

Нұр-Сұлтан қаласында негізгі алаң ретінде Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының маңайы таңдап алынды. Акцияға қатысуға ниет білдірушілерді  5 маусым күні Б.Момышұлы көшесі №1 мекен-жайы бойынша сағат 09:00-де күтеміз.

Барлық азаматтарды сенбілікке қатысуға шақырамыз. Тек бірлесе отырып Қазақстанды таза ете аламыз!