Павлодар облысы: Малайсары ауылындағы Май топтық су құбырының резервуары толықтай тазартылды

Павлодар облысы: Малайсары ауылындағы Май топтық су құбырының резервуары толықтай тазартылды

Малайсары ауылындағы ауыз су барлық талапқа сәйкес келеді. Бұл туралы «Қазсушар» РМК-ны қызметкерлерінің аталған ауылға жұмыс сапары барысында белгілі болды.

 

Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылындағы Май топтық су құбыры Су тазарту станциясының резервуарлары толықтай тазартылды. Еске сала кетейік, аталған ауыл тұрғындары ауыз суда ерекше дәм бар деп БАҚ өкілдеріне шағымданған болатын. Осы мәселе бойынша, Су ресурстар комитетінің өкілдері жұмыс сапарымен аталған ауылға барды. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, далалық жүрмелі жиын өткен болатын. Жиын қорытындысымен, сала комитеті ауыл белсенділерін тарта отырып резервуарларды тазарту жөнінде шешімге келді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар толықтай жүргізілді.

 

«Су айдау станциясында екі резервуар бар. Біріншісіндегі суды түгелдей ағызып, гипохлоритпен тазаладық. Екінші резервуарды да дәл солай тазаладық. Ауылдың төрт жерінен артық су шығарылды. Содан кейін,  тұрғындардың өздерін қатыстыра отырып тәуелсіз комиссия құрылды. Олар тазартылғандарды тексеріп, оң бағасын берді» -, деп атап өтті «Май-Сервис» МҚК-ның директоры Серік Құсайынов.

 

Бұдан бұрын хабарлағандай, комиссия құрамына Павлодар облыстық мәслихат депутаты, жергілікті тұрғындар мен ауыз суға жауапты мамандар кірді. Барлығы атқарылған жұмысқа оң қорытынды берді. Сөзге дәйек ретінде, Май аудандық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауыз су барлық талапқа сәскес келеді деп хабарлады. Енді резервуарды тазарту жұмыстары жылына 2-4 рет жүргізілетін болады.