Мемлекеттік қызметкерлермен семинар өткізілді

Мемлекеттік қызметкерлермен семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №447 Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені және халық пен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке деген көзқарасы сауалнамасы мен мемлекеттік қызметшінің оң әдептік бейнесін қалыптастыру бойынша 13.04.2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитететінің мемлекеттік қызметшілерімен семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында жоғарыдағы жарлықтан және белгіленген заң талаптарынан туындаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.
Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Агибаев Жаныбек Есенұлы.