
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасы орынбасары Аяшев Мақсат Темірбекұлы келді. ШҚО әкімінің орынбасары Б.К. Байахметовтың, «Қазсушар» РМК ШҚФ директоры Р.Г. Нигмеджановтың, ЕБИ басшысы М.Т. Иманжановтың, ШҚО ТЖДБ бастығы Штыкель А.В., ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Д.А. Титовтың, ШҚО Табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Е.А. Мұхтархановтың, «Шығыс су қоймалары» КММ директорының м.а. С.А. Валиевтың қатысуымен өткізілген жиналыс барысында су шаруашылық объектілеріндегі жағдай және гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды.
«Қазсушар» РМК ШҚФ директоры Нигмеджанов Р.Г. 7 су қойманың және 25 гидротораптың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы ақпаратпен таныстырды. Сонымен қатар, су шаруашылық нысандардың жағдайы туралы Ертіс бассейн инспекциясының басшысы Иманжанов М.Т., ШҚО ТЖДБ бастығы Штыкель А.В, «Шығыс су қоймалары» КММ директорының м.а. Валиев С.А. сөз сөйледі. Облыс аумағында су тасқын жағдайларының санын төмендету бойынша нақты міндеттер мен тапсырмалар берілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралары бойынша қабылданатын шаралардың дұрыстығын және жеткіліктілігін бақылау үшін жұмыс тобы коммуналдық және кеже меншіктегі: Үйдене, Қансысу, Шар, Қарақол, Лайлы, Орта-Бұлақ су қоймаларын, Қарғыба өзеніндегі гидроторапты шығып тексерді.