«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

Өткен акцияларға шолу:

16 мамыр: Ақтөбе облысы, Ақтөбе су қоймасы

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Ақтөбе су қоймасының жағалау аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Акцияға қатысушылар жағалау бойындағы қоқысты жинап, арнайы орындарға шығарып, іргелес аумақтың санитарлық жағдайын жақсартты.

Қатысушылар саны: шамамен 50 адам

Жиналған қоқыс көлемі: 2 тоннадан астам

Іс-шараға Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті, «Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылыстарына қызмет көрсету мекемесі» КММ, сондай-ақ облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының өкілдері қатысты.

 

30 мамыр: Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Шу және Астана

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Қазақстанның алты қаласында су айдындарының жағалау аумақтарын тазарту жұмыстары бір мезгілде өткізілді. Іс-шаралар Кеңгір су қоймасы, Балқаш көлі, Федоров су қоймасы және өзге де су нысандары мен демалыс аймақтарының жағалауларын қамтыды. Қатысушылар жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді және жиналған қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығарды.

 

Қатысушылар саны: 2 100-ден астам адам

Акцияға «Қазақмыс» тобына қарасты кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

 

30 мамыр: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қопа көлі

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Көкшетау қаласындағы Қопа көлі маңында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар жағалау аумағын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Акцияға Ақмола облысы бойынша Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясы, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша экология департаментінің өкілдері қатысты.

 

 

30 мамыр: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №2 «Тасбұлақ» бұлағы

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Зеренді ауданындағы Қызыл Кордон және Бәйтерек ауылдарының маңында орналасқан «Тасбұлақ» бұлағында экологиялық іс-шара өткізілді. Қатысушылар аумақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, бұлаққа іргелес аумақты ретке келтірді.

Акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Зеренді ауданының ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты, қоғам белсенділері, «Байтақ» партиясының өкілдері, Ардагерлер кеңесі мен жастар қатысты.

 

30 мамыр: Абай облысы, Семей қаласы, Холодный ключ ауданы, Ертіс өзенінің жағалауы

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Семей қаласындағы Холодный ключ ауданында Ертіс өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және суды ұқыпты пайдалану мәдениетін дамыту. Акцияға Ертіс бассейндік су инспекциясының қызметкерлері, экология департаментінің мамандары, ішкі саясат және жастар саясаты басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

 

30 мамыр: Акмола облысы, Ерейментау ауданы

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы шеңберінде Есіл бассейндік су инспекциясының жауапкершілік аймағына кіретін Ерейментау ауданында экологиялық іс-шара өткізілді.

Қатысушылар саны: 117 адам

Іс-шараға 25 студент, 17 волонтер, 25 мектеп оқушысы және 50 жергілікті атқарушы органның өкілі қатысты.