Апталық шолу

Апталық шолу

25.05

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы жаңа Су кодексінде көзделген су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі сегіз бассейндік жоспарды әзірлеудің алғашқы кезеңін аяқтады.

 

25.05

Душанбе, Тәжікстан

Қазақстан Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарының тұрақтылығы мәселелері жөніндегі министрлік диалогы шеңберінде цифрлық шешімдерді дамыту мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуды қолдады.

 

26.05

Душанбе, Тәжікстан

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри-Точик» су қоймасының 2026 жылдың жаз мезгіліне арналған жұмыс режимі бойынша келісімге келді.

 

26.06

Душанбе, Тәжікстан

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ЕҚДБ вице-президентімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

26.05

Душанбе, Тәжікстан

Қазақстан Душанбедегі су процесі аясында өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты жетілдіруді қолдады.

 

28.05

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Бас прокуратура инфрақұрылым жобаларының іске асырылу барысын талқылады.

 

29.05

Түркістан облысы

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қарбыз өнімін жинауға кірісті.

 

29.05

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Халықаралық су ұйымын құру бастамасын талқылады.

 

30.05

Астана

Соңғы екі жарым жыл ішінде «Қазсушар» РМК 112,7 шақырым суару каналын бетондады. Бұл жұмыстар кәсіпорынның каналдар арқылы су жеткізу қызметінен түскен тариф қаражаты есебінен жүргізілді.