Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына қатысты баспасөз –хабарламасы.

Бұйрық жобасы Ортақ су пайдалану үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Жоба Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Енгізілетін өзгерістер ортақ су пайдалануды құқықтық реттеуді жетілдіруге, құқықтық айқындылықты арттыруға және заңнама нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап айтқанда, жобада:

  • ортақ су пайдалануды жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асыру тәртібі нақтыланады;
  • жергілікті атқарушы органдардың халықтың су объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, бұқаралық демалыс, туризм және спорт орындарын, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау учаскелерін айқындау жөніндегі өкілеттіктері нақтыла-нады;
  • әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруды реттейтін нормалар заңнамаға сәйкестендіріледі;
  • су объектілерінде көлік құралдарын жуу, жанармай құю, жөндеу, сондай-ақ жануарларды санитарлық өңдеуге қатысты тыйымдар нақтыланады;
  • шомылуға қатысты тыйымдар мен шектеулер бойынша ережелер нақтыланады;
  • санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және азаматтардың қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, су объектілерінде бұқаралық демалыс, туризм және спорт орындарын айқындау тетігі енгізіледі.

Жобаны қабылдау халықтың қажеттіліктері үшін су объектілерін пайдалануды неғұрлым тиімді реттеуге, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ ортақ су пайдалану кезінде санитариялық және экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15825653 сілтеме арқылы танысуға болады.