Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бірлескен шаралар Бағдарламасын қабылдайды

Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бірлескен шаралар Бағдарламасын қабылдайды

Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бірлескен шаралардың 2021-2024 жылдарға арналған Бағдарламасын қабылдайды. Бағдарлама жобасы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының екінші отырысында талқыланды.

Видеоконференцбайланыс форматында өткен кездесуде Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, Ресей тарапын Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Сергей Ястребов басқарды. Жиналысқа сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануды болдырмау жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы айтылды.

Бұдан бөлек тараптар 2019 жылғы шілде айында халықаралық тәжірибені зерделеу және Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтаудың бірлескен институционалдық және экономикалық механизмі бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі семинарда айтылған ұсыныстарды талқылады.

Комиссия жиналысының қорытындысы бойынша Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасына 2020 жылғы 12-13 қарашада Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қою туралы шешім қабылданды.