Апталық шолу

Апталық шолу

5.01

Астана

Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Енді жаңа жылдан бастап азаматтар рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады.

 

6.01

Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қолда бар үздік технологиялар тізімін жасады.

 

8.01

Астана

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорғау аймақтары мен белдеулерінде не істеуге болатынын және неге тыйым салынатынын түсіндірді.

 

9.01

Ақмола облысы

870 млн текше метр су жинайтын Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.