
15.12
Астана
Тараз қаласында су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
16.12
Астана
Қазақстанның су шаруашылығы саласында 229 «тәуелсіздік құрдасы» еңбек етеді. Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігінде 1991 жылы туған 8 маман, ал «Қазсушар» РМК филиалдарында 213 маман еңбек етіп жүр.
17.12
Түркістан облысы
Түркістан облысында жаңа екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл су қоймалары тасқын және еріген қар суын тиімді пайдалануға жол ашады.
18.12
Астана
Еліміздің бес облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
19.12
Астана
Соңғы екі жылда су саласының негізгі капиталына 579 млрд теңге инвестиция тартылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің БАҚ өкілдерімен баспасөз кездесуі өтті.