Апталық шолу

Апталық шолу

3.11

Түркістан облысы

Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды.

 

3.11

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты жоба басталды. Акция аясында оқушылар жағалаудан 120 келі қоқыс жинады.

 

4.11

Жамбыл облысы

Келесі жылы Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

 

4.11

Астана

Серік Саиров Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып тағайындалды.

 

5.11

Жамбыл облысы

Жамбыл облысында ирригациялық жүйелерді күрделі жөндеу бойынша үш жоба жүзеге асырылып жатыр.

 

5.11 

Астана

Қазақстанда суару, ауыз су және техникалық сумен қамту мақсатында 4803 жерасты су кен орны барланды.

 

6.11

Түркістан облысы

Түркістан облысында Шардара су қоймасына оқшауланған су массаларын жіберу үшін байланыстырушы каналдар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

7.11

СҚО

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Су ресурстары және ирригация министрлігі СҚО-ның 42 ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын мерзімінен бұрын аяқтады.