Апталық шолу

Апталық шолу

22.09
Астана
2025 жылдың соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді.

23.09
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында 200 мыңнан астам адамды ауызсумен қамтитын су құбырының реконструкциясы аяқталуға жақын. Нысан 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

24.09
Жетісу облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігі Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясын аяқтады.

25.05
Астана
Қазақстан мен Оңтүстік Корея су шаруашылығын цифрландыру саласында бірлесе жұмыс істейді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» РМК Оңтүстік Кореяның K-Water корпорациясымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

26.09
Астана
Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды.