
15.09
Астана
2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады.
16.09
ҚХР
Қазақстандық су саласының төртінші тобы Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтуді бастады. Осылайша биыл Қытайда оқудан өткен мамандардың жалпы саны 125 адам болды.
17.09
БҚО
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұзындығы 63,1 шақырым болатын магистральдық су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
18.09
Астана
2026 жылы 103 каналды реконструкциялау мен автоматтандыру басталады.
19.09
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Power China компаниясы су шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.