
1.09
Астана
Су саласындағы қазақстандық мамандар қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында венгриялық жоғары оқу орнының дипломын ала алады
2.09
Астана
Су саласы мамандарының жалақысын арттыруды көздейтін түзетулер күшіне енді. Қыркүйектен бастап сала мамандарының жалақысы 35-50%-ға көбейеді.
3.09
Астана
Қазақстандық ғалымдар Кеңгір су қоймасын тазарту жобасын әзірлеп жатыр.
4.09
Түркістан облысы
Түркістан облысында вегетация кезеңі аяқталуға жақын. Қазіргі таңда Ордабасы, Сауран және Отырар аудандарындағы мақта алқаптарын суару аяқталды.
4.09
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен «Дала күні – 2025» күріш ору науқанының ашылу рәсіміне қатысты.
5.09
Астана
Қытайлық инвесторлар Қазақстанда каналдардағы суды есепке алуды автоматтандыру технологияларының өндірісін іске қосуға ниетті.
5.09
Түркістан облысы
Түркістан облысында 2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға шамамен 90 млрд теңге бөлінеді.