Апталық шолу

Апталық шолу

25.08
Қызылорда облысы
Қазақстандық ғалымдар суды аз қажет ететін жаңа күріш сортын ойлап тапты.

25.08
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының Шу ауданындағы диқандар суды жоспарланған көлемнен артық алды.

26.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымының қорытындысы бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді.

26.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдады. Кездесуде ведомство басшысы су шаруашылығына қатысты қазақстандықтарды алаңдатқан сұрақтарға офлайн және онлайн форматта жауап берді.

27.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері «Қазсушардың» техника паркі 31%-ға жаңартылды.

27.08
Астана
Түркиялық инвесторлар Қазақстанда су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.

28.08
Астана
Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 98%-ы алынды.

28.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.

29.08
Алматы облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы облысы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 142 км болатын су құбырын реконструкциялауды жоспарлап отыр.