Еңбек адамы: Әділбек Серғазыұлы Серғазынов – 2025 жылдың Үздік жас сушысы

Еңбек адамы: Әділбек Серғазыұлы Серғазынов – 2025 жылдың Үздік жас сушысы

Әділбек Серғазыұлы – «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің инженер-құрылысшысы. Ол су шаруашылығы саласында 8 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді.

Осы уақыт ішінде ол арналарды жобалау мен салу, гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Оның тікелей қатысуымен магистральдық арналар мен суару жүйелері тиімді түрде қайта қалпына келтіріліп, су жеткізу сапасы арта түсті.

Әділбек Серғазыұлы – өз ісіне бейім, жауапты әрі іскер маман. Сабырлы да салмақты мінезі, тиянақтылығы мен байыптылығы, ұйымдастырушылық қабілетімен ұжым арасында үлкен сенімге ие. Ол – кәсіби шеберлігімен танылған, болашағынан зор үміт күттіретін білікті жас маман.

Бейнероликке сілтеме: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5746