Еңбек адамы: Талғат Өшіров – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Еңбек адамы: Талғат Өшіров – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Еңбек адамы: Талғат Өшіров – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

     Алғашқы еңбек жолын 1982 жылы ағаш шебері ретінде бастаған Талғат Саматұлы әрдайым ізденіс пен еңбекқорлықты басты қағида етіп ұстанды. 1985 жылы Алматы қаласындағы жөндеу-подшипникті зауытта жұмыс істеп, кейіннен Үржар аудандық дайындық кеңсесінде, сондай-ақ ШЖК «Алакөл» кәсіпорнында ұзақ жылдар бойы табысты қызмет атқарды.

    Су шаруашылығы саласына 2008 жылы келгеннен бері, Талғат Саматұлы «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалында жемісті еңбек етіп келеді. Ол су қорларын ұтымды пайдалану, суды әділ бөлу мен есептеу, сондай-ақ техникалық үдерістерді оңтайландыруда жоғары жауапкершілікпен және кәсіби шеберлікпен көзге түсті.

    Көп жылғы тәжірибесі мен қажырлы еңбегі арқасында Талғат Саматұлы ұжымдастары арасында зор құрметке ие. Оның қызметі су шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі ретінде бағаланады.

    2025 жылы су саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Еңбек ері» медалімен марапатталды.

БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ:

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5731