Еңбек адамы: Кәрімов Нұрмұхамет Нұрмұхаметұлы

Еңбек адамы: Кәрімов Нұрмұхамет Нұрмұхаметұлы

🏅Еңбек адамы: Кәрімов Нұрмұхамет Нұрмұхаметұлы – III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері

     Нұрмұхамет Нұрмұхаметұлы су шаруашылығы саласында 1982 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Осы салада 42 жылдық тәжірибесімен, ол талай маңызды жобаларға қатысып, су арналарының құрылуына, суды есепке алу және нормалауға елеулі үлес қосты.

    Кәсіби жолында Нұрмұхамет Нұрмұхаметұлы өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетін, тәжірибесі мен жауапкершілігін көрсете білді. Ол өндірістік міндеттерді мінсіз атқарып, ұжымды жұмылдыра алатын көшбасшы маман ретінде танылды.

     Қызмет барысында каналдарды тиімді басқару, суды дұрыс үлестіру және есептеу, инженерлік процестерді жетілдіру бағытында аянбай еңбек етті.

     Ұжымдастары арасында зор беделге ие Нұрмұхамет Нұрмұхаметұлының көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі жоғары бағаланып, Су қызметкерлері күніне орай III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ:

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5702