«Еңбек адамы»: Ұлғаным Шәмілова – бас гидротехник

«Еңбек адамы»: Ұлғаным Шәмілова – бас гидротехник
 Ұлғаным Тілекқабылқызы Шәмілова – су шаруашылығы саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Бүгінде ол Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының бас гидротехнигі, бөлім басшысы қызметін атқарады.
 
Саладағы алғашқы қадамын 2011 жылы бастаған ол, су ресурстарын тиімді басқару ісінде мол тәжірибе жинақтап үлгерді. 2011–2017 жылдары Қарғалы су қоймасында инженер-гидротехник ретінде жұмыс істеген. Ал 2017 жылдан бастап инженер-метролог, кейіннен бас гидротехник ретінде жемісті еңбек етті. 2025 жылдан бастап бөлім басшысы лауазымын атқарып келеді.
 
Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл, оның ішінде су шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі – 15 жыл.
 
Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларының арналарын қайта жаңарту жобаларына жетекшілік етіп, олардың өткізу қабілетін арттыруға және өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға айтарлықтай үлес қосты. Бұл жұмыстар азық-түлік белдеуін жандандырып, суармалы жерлердің көлемін арттыруға сеп болды.
 
Трансшекаралық Елек өзенінің тазалығы мен көктемгі тасқын суларын қауіпсіз өткізуге бағытталған бастамаларымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді араласты.
 
Сазды және Ақтөбе су қоймаларын жаңғырту жобаларын іске асырып, инфрақұрылымды заманауи талаптарға сәйкестендірді.
 
 
Ұлғаным Тілекқабылқызының еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып келеді. Ол III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі, II дәрежелі, I дәрежелі, «Су шаруашылығының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. ҚР ТЖМ-нің Алғыс хатымен және салалық марапаттармен марапатталған.
 
Сондай-ақ, биылғы жылы Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Мемлекет басышысының қабылдауында болып «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
 
БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ: