«Еңбек адамы»: Нұргелді Өксікбаев – гидротехник

«Еңбек адамы»: Нұргелді Өксікбаев – гидротехник

⚜️💧 «Еңбек адамы»: Нұргелді Өксікбаев – гидротехник

Өксікбаев Нұргелді Махатұлы 1964 жылы 17 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Ынталы су қоймасында су реттеуші қызметінен бастап, қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына қарасты «Сарысу» өндірістік бөлімшесінде гидротехник болып еңбек етеді. Нұргелді Өксікбаев 2007 жылдан бері су шаруашылығы саласында абыроймен еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Нұргелді Махатұлы еңбекқорлығымен, әріптестеріне деген сыйластығымен танылып, шаруалармен жақсы тіл табыса білетін маман.

БЕЙНЕРОЛИККЕ СІЛТЕМЕ:

https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5427