
Жамбыл облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы «Бүркітті» су қоймасын реконструкциялау мақсатында көпфакторлы зерттеу жұмыстарын бастады. Зерттеу аясында түбіндегі тұнбалар көлемі мен су бөгетінде болатын су шығындарының мөлшері анықталады, сондай-ақ су астындағы темірбетон құрылымдардың жай-күйі зерделенеді.
Су қоймасына жөндеу жұмыстары 50 жылдан бері жүргізілмеген. Осылайша нысан 1975 жылы пайдалануға берілгелі бері алғаш рет зерттеліп отыр.