
Жаңа трансформаторларды құрастыру және іске қосу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар жыл соңына дейін каналға тағы 3 трансформатор жеткізіледі.
2026 жылдың соңына дейін Қ.Сәтбаев атындағы канал жалпы саны 17 жаңа трансформатор алады. Сондай-ақ нысандағы 19 сорғы қондырғысы ауыстырылады. Бұл жұмыстар каналды 2028 жылға дейін кешенді реконструкциялаудың Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды мен Павлодар облыстарын және Астана қаласын ауызсумен қамтамасыз етеді. Канал суын сондай-ақ осы өңірлердегі өнеркәсіптік нысандар мен шаруа қожалықтары да пайдаланады. Нысанның жалпы ұзындығы — 458 км.
«Каналдың су ресурстарына сұраныстың артуына байланысты министрлік оны реконструкциялау жұмыстарын бастады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындарды сумен жабдықтау сапасы жақсарып, нысанның ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз пайдаланылуы қамтамасыз етіледі», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.