
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері «Қазсушардың» Шығыс Қазақстандағы филиалында кәсіптік және зерттеу практикасынан өтті. Болашақ су мамандары Қандысу, Үйдене су қоймалары секілді гидротехникалық нысандардың жұмысымен танысып, білімдерін жетілдірді. Айта кету керек, бүгінде филиал мамандарының көпшілігі осы университеттің түлектері болып табылады.