
«Қазсушардың» Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шара Алматы облысындағы шаруа қожалықтарына суармалы судың жеткізілуін жақсартуға мүмкіндік берді. Филиалға диқандар ғана емес, Алматы облысындағы ауылдық округ әкімдіктері де ризашылықтарын білдіріп жатыр.