
Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы 22 арнайы техника алды. Қазіргі уақытта жаңа техникалар каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмысына қолданылып жатыр. Жақын күндері тағы 21 техника мен 30 мотоцикл жеткізіледі деп күтіліп отыр. Бұл мотоциклдер гидротехниктер мен бақылаушылардың канал бойындағы күнделікті жұмысын жеңілдетіп, судың берілуін бақылаудың тиімділігін арттырады.