«Еңбек адамы»: Амина Қарабекова — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бартоғай бөлімшесінің басшысы

«Еңбек адамы»: Амина Қарабекова — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бартоғай бөлімшесінің басшысы

Қарабекова Амина Алпысбайқызы - Жамбыл гидромелиорация институтының түлегі. Ол 23 жылдық еңбек жолын Бартоғай бөлімшесіне арнап, оператор-диспетчер қызметінен бөлімше басшысына дейін көтерілген білікті маман.
⠀
Қазіргі таңда Амина Алпысбайқызының басқаруында ерекше стратегиялық маңызы бар екі нысан бар: Бартоғай су қоймасы мен Үлкен Алматы каналының бас сағасы.
⠀
Амина Алпысбайқызы – бойына күшті де, білімді де, адалдықты да сіңіре білген нағыз еңбек адамы.

2019 жылы «Д. А. Қонаев» төсбелгісімен марапатталған.