
16.06
Түркістан облысы
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді. Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді.
16.06
Түркістан облысы
Түркістан облысында баялдының алғашқы өнімі жиналды. Шаруалар суармалы су уақытылы берілгендіктен өнім мол әрі сапасы жоғары екенін айтып жатыр.
17.06
Астана
Қазақстан мен Қытай отандық су саласы мамандарын даярлауда әріптестікті нығайтып жатыр. Жыл соңына дейін 60 маман Қытайда оқудан өтеді.
18.06
Астана
Суару кезеңі басталғалы Қазақстанның оңтүстігіндегі диқандарға су былтырғыдан 335 млн текше метрге артық берілді.
18.06
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында сапасыз салынған канал учаскесі бұзылды. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Жамбыл облысында Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
19.06
Астана
Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
19.05
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында Қордай ауданының диқандарына су жеткізуді жақсарту үшін канал тазаланып, сорғы станциясы салынып жатыр.
20.06
Астана
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда шамамен 85 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді.
20.06
Жамбыл облысы
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен министрлік өкілдерінен құралған жұмыс тобы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына барды.