
«Қазсушардың» Ақтөбе филиалындағы мамандар Қарғалы өзенінің арнасын тазартты. Ұзындығы 7 шақырымдай учаске судың еркін өтуіне кедергі келтірген қоқыстан, қамыс пен лайдан тазартылды. Оған қоса, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ететін сорғы стансаларында да жөндеу жұмыстары жүргізілді.