
Батыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы аймақтағы 40 330 гектар көлтабандарға су жіберу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінде 26 850 гектар, Кіші өзен суару-суландыру жүйесінде 3 500 гектар, Үлкен өзен жүйесінде 6 480 гектар, Қалдығайты су жүйесінде 3 500 гектар суарылды. Бұл шаралар өңірдегі табиғи шабындықтар мен жайылымдық алқаптардың өнімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.