Бірге – Таза Қазақстан: Экология министрлігі «Бүкіләлемдік тазалық күні» азаматтық акциясына қатысуға шақырады

Бірге – Таза Қазақстан: Экология министрлігі «Бүкіләлемдік тазалық күні» азаматтық акциясына қатысуға шақырады

«Жыл сайын 19 қыркүйек күні бүкіл әлемде “World cleanup Day” акциясы өтеді. Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр акция 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын», – деп жазды ол өз Twitter парақшасында.
Министр шараға өз ауласын, айналасындағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы әркім де үлес қоса алатынын атап өтті.
Айта кетейік, “World cleanup Day” акциясы 19 қыркүйек күні Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Қатысушыларға қажетті жабдықтар беріледі.
Қатысамын деушілер +77017951730 арқылы хабарласуға болады.