Жаңа Су кодексінде «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл - өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі. Бұл механизм табиғи тепе-теңдікті сақтап қалу үшін маңызды.
Бұл туралы «24 KZ» телеарнасының эфирінде Су ресурстары және ирригация министрлігі Су саясаты департаменті Су ресурстары саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының сарапшысы Ақтоты Үмітқали толығырақ айтып берді.