Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын бекітті. Құжатта су заңнамасын жетілдіру, саланы цифрландыру, есепке алу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Бұл жайлы толығырақ «24 KZ» телеарнасының эфирінде Ауыл шаруашылығы саласына суды үнемдеу технологиясын енгізу басқармасының бас сарапшысы Ақерке Молдабек айтып берді.