Су саласын цифрландыру шеңберінде Ұлттық ақпараттық жүйе құрылып жатыр
Қазіргі уақытта Ақпараттық талдау орталығы ашылды. Басқа министрліктермен бірлесіп Tasqyn ақпараттық жүйесі құрылып жатыр.
«Қазақстанның солтүстік өңіріне тасқын су келгенде Tasqyn ақпараттық жүйесінің көмегі тиді. Бұл ақпараттық жүйе әлемдік ГЛОНАСС жүйесімен байланысқан. Сондай-ақ Қазгидрометтің мәліметтері де автоматтары түрде ақпараттық жүйеге келіп тұрады. Осылайша, біз қанша су көлемі келетінін алдын ала біліп отырамыз»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.