Су кодексіне алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Су қауіпсіздігі – халық пен елдегі экономиканы ту тасқынынан, сапасыз судан қорғау. Яғни бұл бағытта мемлекеттің атқаратын іс-шаралары бар. Олар: су ресурстарын есепке алу және судың сапасын бағалау, су қоймаларын реттеу, оларды сақтау, жаңарту жұмыстары және т.б.
Жалпы су қауіпсіздігі дегеніміз - елдегі су қорын қорғау және азаматтарға таза, қауіпсіз, тұрақты түрде су жүйесін жетілдіру.
Бұл туралы 24KZ телеарнасының эфирінде СРИМ Су саясаты департаментінің бас сарапшысы Эльвира Сариева айтты.