Көктемгі су тасқынына дайындық аясында біздің министрлік 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді.
Сондай-ақ, су өткізу қабілетін жақсарту үшін 239 шақырым өзен арнасы тазартылды.
Бүгінгі таңда еліміздің 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 бөгет жөнделіп, қайта тұрғызылды.
Бұл жайлы толығырақ «Atameken business» телеарнасының эфирінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басқарма басшысы Ерлан Жұмабаев айтып берді.