Су тасқынына дайындық аясында жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 6 облыстың (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 57 жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы толығырақ «Qazaqstan» телеарнасының «Ашық Алаң» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басқарма басшысы Сәкен Әтел айтып берді.