Солтүстік Арал теңізінің ауданы ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.
Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.
Бұл туралы толығырақ «24 KZ» телеарнасының «Күн тәртібі» бағдарламасында ҚР Су ресурстары және ирригация минстрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басқарма басшысы Сәкен Әтел айтып берді.