Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын әзірледі. Құжат су заңнамасын жетілдіру, су саласын цифрландыру, суды есепке алу мен су үнемдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді.
Бұл туралы толығырақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су үнемдеу технологияларын ауыл шаруашылығы саласында енгізу басқармасының басшысы Карлығаш Нұриханова айтып берді.