СЛАЙД (титул)
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына соңғы Жолдауында еліміздің су саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Президент еріген сулардың жиналуын шаруаларды суармалы судың қосымша көлемімен қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі ретінде атап, су тасқыны мәселесіне жеке тоқталды.
СЛАЙД 2
Жалпы, су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдарға ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын 12 млрд. текше метрден астам суды су қоймаларда жинауға мүмкіндік берді. Мысалы, өткен жылы бүкіл су тасқыны кезеңінде су қоймаларынан жалпы су ағызу шамамен 13 млрд. текше метрді құраса, биылғы жылы бір айда 36 млрд. текше метрден астам құрады. Бұл ағымдағы су тасқынының ауқымдылығын көрсетеді.
Бұл ретте, шиеленісті кезеңде біздің су шаруашылығы нысандары суды қабылдауды және қауіпсіз ағызуды қамтамасыз етті. Ол соңғы жылдары су тапшылығына ұшыраған объектілерге тасқын суларды жіберуге мүмкіндік берді (сағалар, су басқан шалғындар, көлдер).
Мысалы, Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы сумен толтырылатын Астана су қоймасын тасқын сулармен толтыру 2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, тасқын су көптен бері су келмеген жерлерге бағытталып, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр тасқын су жіберілді.
Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су жіберілді. Тарихта алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көл жүйелеріне су жеткізілді.
Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд. текше метр су, оның ішінде су тасқыны кезінде 3,3 млрд. текше метр, Каспий теңізіне – 7,4 млрд. текше метр су жіберілді.
2024 жылғы қыркүйек айының басындағы жедел деректерге сәйкес, су қоймалардан ауыл шаруашылығында
8,4 млрд текше метр, өнеркәсіпте 3,7 млрд текше метр су пайдаланылды. Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс өңірлерінің су қоймалары 80%-ға толтырылды.
Мәселен, жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайтын Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы) мен Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін және Абай ауданының елді мекендеріне жақын орналасқан Шерубай-Нұра өзенін (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) санациялау бойынша жұмыстар уақтылы орындалды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы секундына 1200 текше метр шығында тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендерді су басудың алдын алуға мүмкіндік берді.
СЛАЙД 3
Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд текше метр құрайтын
42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі
3,7 млрд текше метр болатын 37 су қоймасын қайта құру, сондай-ақ шамамен 14,5 мың шақырым ирригациялық каналдарды салу мен қайта құру жоспарланып отыр.
Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.
Ағымдағы жылы екі су қойманың (Бәйдібек ата және Қарақуыс Түркістан облысы) құрылысы және үш су қойманы (Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Қапшағай (Түркістан облысы) және Киров (БҚО)) қайта салу басталды.
580 мыңнан астам халқы бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп зардап шеккен объектілерді салуға, қайта салуға, қалпына келтіруге және қорғау бөгеттерін нығайтуға бағытталған 56 жобаның тізбесін айқындады.
СЛАЙД 4
Сондай-ақ, белсенді су тасқыны өткен
34 гидротехникалық құрылыстарда Қазсушар филиалдары жөндеу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан (22 км) және Шығыс Қазақстан облыстарында (73 км) 95 шақырым каналды механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді.
Құрметті әріптестер!
Су тасқыны кезеңіне дайындық тек гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және су қоймаларындағы бос сыйымдылықтарды босату арқылы ғана емес, су тасқынын басқарудың әлемдік тәжірибесі мен стратегияларын талдай отырып, министрлік барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі, құқықтары мен өкілеттіктері айқындалған, су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары күшейтілген жаңа Су кодексінің жобасына түзетулер дайындады.
Сондай-ақ су тасқынының алдын алу және олардан келтірілген залалды азайту жөніндегі мәселені кешенді шешу үшін Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының ережелері қайта қаралды.
СЛАЙД 5
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп (Қазақстан Ғарыш Сапары) су тасқынын болжау және модельдеу үшін flood.garysh {ФЛУД ҒАРЫШ} ақпараттық жүйені құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында оны іске қосу жоспарлануда.
Ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Яғни картада құзыретті органдар ұсынатын болжамды мәндерге сәйкес келетін ықтимал су тасқыны қаупі аймағын елестету мүмкіндігі қолжетімді болады.
Су ынтымақтастығы бойынша Қытай Халық Республикасы Су шаруашылығы министрлігімен су тасқыны мен су тасқынына қарсы күрес мәселелері қаралатын су ресурстары саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.
Жақында өткен Ресей Федерациясымен кездесудің қорытындысы бойынша су тасқыны мен су тасқыны кезеңінде тараптардың іс-қимылын үйлестіру үшін барлық Қазақстан-Ресей трансшекаралық су ағындары бойынша бірыңғай жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Назарларыңызға рахмет.