Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңі аясында теңізді Арал қаласына дейін жеткізу көзделіп отыр. Жоба Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі ауқымды бастаманың жалғасы болып табылады.
Бұл туралы толығырақ Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «24 KZ» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында айтып берді.