Су ресурстары және ирригация министрлігі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында бірқатар қытайлық компаниялармен су шаруашылығын дамыту жөнінде келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында су үнемдейтін технологияларды қолданысқа енгізіп, суармалы алқаптарда кеңінен қолдану бойынша ортақ меморандум бекітілді.
Бұл туралы толығырақ 24KZ арнасының эфирінде ҚР СРИМ Су үнемдеу технологиялары және тарифтік саясат департамент басшысының орынбасары Берікбол Мәндібаев айтып берді.