Меню

Страницы

Статья

ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың баяндамасы

Құрметті Олжас Абайұлы!

Құрметті әріптестер!

 Бүгінгі таңда республикалық меншікте «Нұра топтық су құбыры» РМК және «Қазсушар» РМК қызмет көрсететін, жалпы 1,4 млн. астам халқы бар 660 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін, ұзындығы 15,1 мың шақырымды құрайтын 39 топтық су құбыры бар(бұрын 41 болған, оның 2-уі Маңғыстау облысына берілген)

Ауыл тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен,
29 жоба 9 облыста іске асырылуда (Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, БҚО және СҚО).

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2 мың шақырым су құбырын реконструкциялау және салу жоспарланған. Бұл 437 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге, жалпы саны 92 мың адамды құрайтын 44 елді мекен тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, мемлекеттік сараптама алғаннан кейін іске асырылатын 5 жоба әзірленуде (Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту –бұру және тарату желілері, Алматы облысындағы Қаскелең топтық су құбырынан су құбыры құрылыстарымен тарату желілері алаңдарының құрылысы, Түркістан облысындағы Сарыағаш ТСҚ бас құрылыстарының құрылысы). Нәтижесінде 200 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылады және қамтамасыз етіледі

Сонымен қатар, Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының елді мекендерінде Нұратоптық су құбырының өте нашар жағдайына байланысты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр.

Жұмыстар Үкімет резервінен қаражат есебінен жүргізілуде

Құрметті Олжас Абайұлы, сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында«Нұра топтық су құбыры» РМК мен «Қазсушар» РМК бірігуі аяқталуда.Құжаттар ҚР Қаржымині Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жолданды.

Бұдан басқа, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік реформа шеңберінде су шаруашылығын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік топтық су құбырларын ЖАО теңгеріміне береді. Маңғыстау облысында «Қазба-Қызан-Ақшымырау», «Басқұдық-Беки» екі топтық су құбыры берілді.

Сондай-ақ, жыл ішінде Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында топтық су құбырларын беру жоспарлануда.

Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және Министрліктің тұрақты бақылауында.

 Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
11 июня 2024
Дата обновления
11 июня 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

04 декабря 2025
Өмірлік жағдайлар
Біз туралы БАҚ
19 июня 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды
Біз туралы БАҚ
18 июня 2025
На сегодняшний день обучение по специальностям водной отрасли осуществляется в 12 вузах и 8 организациях технического и профессионального образования

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы