Меню

Страницы

Статья

Су ресурстары және ирригация министрі Н.М. Нұржігітовтің баяндамасы. Абай облысы, Семей қ.

Құрметті қала тұрғындары!

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысында жаңадан 5 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады.

Атап айтқанда, Үржар ауданында Келдімұрат (30 млн.м3) және Көктерек өзендерінде (31,4 млн.м3) су қоймалары бой көтереді. Ал, Көкпекті ауданындағы Кіші Бөкен өзенінде (30 млн.м3) және Ақсуат ауданында Қарғыба (20 млн.м3) мен Базар (45 млн.м3) өзендерінде жаңа су қоймалары салынады. Құрылыс жұмыстары 2024-2030 жылдары іске асырылуы тиіс.

Бүгінгі таңда Қарғыба су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қалған 4 жоба бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті инвестициялық ұсыныс әзірлеп жатыр.

Жаңа су қоймаларының құрылысы халықтың өмір сапасын жақсартып, өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады және жергілікті шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз етуге тиімді ықпал етеді. Осыған дейін министрлік Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын әзірледі. Аталған жұмыстар осы құжат шеңберінде жүргізіледі.

Бұдан бөлек, 17 нысанды реконструкциялау арқылы суару каналдарының тиімділігін 55%-ға жақсартуға және су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 88,2 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 114,3 шақырым болатын 4 су торабы және 3 су қоймасы қайта жаңғыртылады.

Министрлік күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бұл ең алдымен суды үнемдеуге және қайта пайдалануға бағытталған жаңа нормативтік-құқықтық база құру. Екіншіден, инфрақұрылымды толыққанды жаңғырту және су үнемдеудің озық технологияларын енгізу. Сондай-ақ, көрші елдермен ынтымақтастықты күшейту.

Атап айтқанда, елімізде жаңа Су кодексі әзірленді. Парламент Мәжілісіне енгізілген құжаттың жаңа редакциясында суды сарқылудан, ластанудан және бітелуден қорғауға басымдық беріледі, ал ресурстың өзі енді тек экономикалық пайда көзі ретінде қарастырылмайды.

Су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік заңнамалық деңгейде күшейтіледі. Ауыз судың сапасын жақсартуға қойылатын талаптар пайда болды. Елдімекендерді сумен жабдықтауға және су бұруға арналған тарау едәуір кеңейді.

Сондай-ақ, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасы бекітілді. Ол су қоймаларын, гидротехникалық құрылыстар мен ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау, цифрландыру, су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ экология және көршілес мемлекеттермен ынтымақтастық мәселелерін көздейді.

Тұжырымдамаға сәйкес, министрлік 9 облыс аумағында жаңадан 20 су қоймасын салуды және 15 су қоймасын реконструкциялауды, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару каналын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Осы жоспарларды іске асыру - тасымалдау кезінде су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайтуға, қосымша 2,4 млрд текше метр су жинауға, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Су ресурстары және ирригация министрлігі әр облыстың әкімдіктерімен бірлесіп 2030 жылға дейін су қоймаларын, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді және топтық су құбырларын салу мен реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда 133 гидротехникалық құрылысты, 7700 шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын реконструкциялау, сондай-ақ 3628 тік дренажды ұңғыма бұрғылау қарастырылған.

Қорытындылай келе, құрметті қала тұрғындары, су ресурстарын тұрақты басқару-қоғамның тұрақты дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізгі элементі. Біз барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіріп, болашақ ұрпақтарымыз үшін осы құнды ресурсты сақтауға ықпал ететін суды басқарудың инновациялық және тиімді стратегияларын әзірлеп, жүзеге асыруымыз керек.

Назарларыңызға рақмет.

 

Дата публикации
29 мая 2024
Дата обновления
29 мая 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

04 декабря 2025
Өмірлік жағдайлар
Біз туралы БАҚ
19 июня 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды
Біз туралы БАҚ
18 июня 2025
На сегодняшний день обучение по специальностям водной отрасли осуществляется в 12 вузах и 8 организациях технического и профессионального образования

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы